Елордада мектеп оқушылары арасында Жамбыл оқулары өтті

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада мектеп оқушылары арасында Жамбыл оқулары өтті
ашық дереккөз

Шараға Нұр – Сұлтан қаласының 62 білім беру мекемелерінің 120 оқушысынан өтінім қабылданды. Әр номинация бойынша ҚР мәдениет қайраткерлері, ақындар мен өнер майталмандары, жоғары оқу орындарының оқытушылары қазылық етті. Қазылар алқасының шешімімен «Тыңда, дала, Жамбылды» - ақынның дастандарын жатқа оқу номинациясы бойынша: І орын – №2, №87 мектеп-гимназиясының оқушыларына берілді. «Жүз жасаған атама жыр арнаймын» номинациясында бас жүлде – №87 мектеп-гимназиясына берілді. І орын – №86 мектеп-гимназиясына, ал  «Жыр алыбы – Жамбыл» номинациясында І орын – №82, №67, №40, №58 мектеп-гимназиясы үздік деп танылды.