Бақтияр Мәкен елордадағы үкіметтік емес ұйымдардың жұмысы туралы айтты
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Бақтияр Мәкен елордадағы үкіметтік емес ұйымдардың жұмысы туралы айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172112294515995093.webp)
Оның айтуынша, белсенді ұзақ өмір орталықтарында аға буын өкілдері бір-бірімен кеңес құрып, шахмат, дойбы ойыны сияқты өздері қалаған істерімен айналыса алады. «Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі мемлекеттік-әлеуметтік тапсырыстар бойынша қаржыландыратын ұзақ мерзімді жобалар саны 8-ге жетті. 10 жыл бұрын елордада үкіметтік емес ұйымдар саны 250 шамасында болса, бүгінде оның саны 2 900-ге жетті. 2018 жылмен салыстырғанда азаматтық қоғамдық институттарының белсенділігі үш есеге артты. Қазіргі таңда олардың саны 700-ді құрап отыр. Әрине, үкіметтік емес ұйымдар санының көп болғаны да жақсы. Дегенмен олардың сапалы жұмыс істегеніне мән беріп, талдау жүргізу қажет. Біз де өз тарапымыздан олардың белсенділігін арттыруға барынша қолдау көрсетеміз», - деді қала әкімінің орынбасары. Сондай-ақ Бақтияр Мәкен карантиндік шараларды сақтай отырып, өркениетті қоғамға жаңа ұсыныстар әзірлеу керек екендігін атап өтті. «Пандемия әлі де жалғасуда, бірақ біз оған үйреніп қалдық, адамдар өз қауіпсіздіктерін қалай сақтау керектігін біледі. Алайда қоғам қауіпсіздік сақтауда дұрыс бағыт алуы үшін бәріміздің жұмысымызға ортақ белгілі бір идеология қажет. Қоғам – бұл барлық жастағы азаматтар. Осыған байланысты күш біріктіріп, елорданың мәдени кодын құру керек. Қаламызда болып жатқан әлеуметтік-қоғамдық шаралардан ешкім тыс қалмауы үшін біздің алдымызда белсенді азаматтық қоғам құру мәселесі тұр», - деді Б.Мәкен. Оның сөзінше, пандемия барлық салаға өзгеріс енгізді. Сондықтан вакцинация процесін тұрғындарға жақсылап түсіндіру – бүгінгі күндегі басты мәселенің бірі. Қала басшылығы вакцина мен екпенің маңыздылығын, оның вирустан қорғану үшін керектігін қоғаммен пікірлесу арқылы түсіндірмек. «Қала әкімі мен аудан басшылары тұрғындарға есеп беру кездесулерінде абаттандыруға қатысты сұрақтар өте көп болды. Маған тұрғындардың тек сұрақ қойғаны емес, оның шешу жолдарын ұсынғаны да ұнады. Азаматтардың бүгінде Парламентте қабылданып жатқан заңдарды да және оның мүмкіндіктерінен хабардар болғаны қуантады. Алдағы уақытта осы бойынша жұмыстарды жалғастыратын боламыз», - деді елорда әкімінің орынбасары.