Омыртқа хирургиясы саласындағы танымал дәрігер елордалық нейрохирургтарға шеберлік сыныбын өткізеді
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Омыртқа хирургиясы саласындағы танымал дәрігер елордалық нейрохирургтарға шеберлік сыныбын өткізеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172112304940112178.webp)
Рудольф Бертаньоли елордалық дәрігерлер үшін «Жұлын нейрохирургиясының өзекті мәселелері» тақырыбында бес күндік шеберлік сабағын өткізеді. Бағдарламада омыртқа мен жұлынның нейрохирургиялық ауруларының негізгі аспектілерін, этиологиясы мен патогенезін егжей-тегжейлі ашып, тыңдаушыларды жұлын нейрохирургиясының ерекшеліктерімен таныстырады. Бүгін әлемге әйгілі дәрігер мойын омыртқасында жарықшасы бар науқасқа жасалатын ота кезінде нейрохирургтарға кеңес береді. «Германиядан келген қонағымыздың сапарының мақсаты – жұлын нейрохирургиясы саласындағы кәсібилікті жетілдіру. Жылдар бойы жинаған білімін бөліскені үшін алғысымызды білдіреміз», - деп хабарлайды Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы. Профессор Рудольф Бертаньоли омыртқа операцияларының түрлі классикалық техникасын меңгерген. Сонымен қатар, операция жасауда өз техникасын ойлап шығарған.