Елордада «Қайырымды істер марафоны» бастау алды
Іс-шараның мақсаты - мемлекет пен бизнес, еріктілер, меценаттар, үкіметтік емес ұйымдар мен қарапайым азаматтар арасында ынтымақтастық пен серіктестікті қолдау. Халық арасында жомарттық пен жақсылық жасау идеяларын кеңінен насихаттау. «Қайырымды іс жасау марафоны арнайы түрде бүгін ашылып жатқанымен, бұл бағыттағы іс-шаралар бізде жыл сайын ұйымдастырылып келеді. Өздеріңіз білетіндей, жақсылық жасау, қол ұшын созу, игілікті істерді жүзеге асыру - «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасының бір бағыты. Елордада волонтерлер мен меценаттардың ұйытқы болуымен жыл сайын көптеген қайырымдылық шаралары өтіп келеді. Бізде әсіресе көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетуде меценаттардың үлесі зор. Кейбір қол ұшын созушылар қанша жақсылық жасаса да, аты-жөнін атамауды сұрайды», - дейді Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен аталған марафонның ашылу салтанатында. [caption id="attachment_64379" align="alignnone" width="1262"] Фото: Василий Крась[/caption] Марафон аясында елордалық меценат, NEO Qazaq Style бағытының негізін қалаушы дизайнер Мансура Жәкен әлеуметтік жобалармен айналысатын үкіметтік емес ұйымдарды қолдау мақсатында жалпы құны 4 миллион теңгелік авторлық 17 ағаш есіктің сертификаттарын табыстады. [caption id="attachment_64381" align="alignnone" width="1268"] Фото: Василий Крась[/caption] Дизайнерлік өнім жақын және алыс шетелден әкелінген (Түркия, Италия) экологиялық таза материалдар негізінде жасалған.
Көктем Қарқын