Алтай Көлгінов қоғамдық қабылдау өткізді

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Алтай Көлгінов қоғамдық қабылдау өткізді
ашық дереккөз

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында азаматтарды қабылдап, 30-дан аса мәселе талқыланғанын мәлім етті, деп хабарлайды Елорда Инфо. "Тұрғындармен кері байланысты нығайту үшін оларды апта сайын қабылдаймыз, бұл қала тұрғындарының мәселесін тез қарауға мүмкіндік береді. Бүгін бас-аяғы 30-дан аса мәселемен 18 адам келді. Басты мәселелер - тұрғын үй бағдарламаларына қатысу, жұмысқа орналасуға жәрдем, білім алу, медициналық көмек, жеке іс ашуға көмектесу және т.с.с. Әлеуметтік әлсіз топқа жататын азаматтардың барлық санаты үшін жан-жақты жағдай жасау маңызды. Бұл дегеніміз - тұрғын үй мәселесін шешу, оңалту; біліммен, жұмыспен, медициналық көмекпен және т.б. қамтамасыз ету", - деді А.Көлгінов. Тек былтырдың өзінде ДЦП, аутизм, Даун синдромы және т.б. диагнозы бар балаларды оңалтумен айналысатын бірнеше оңалту орталығы ашылды, сондай-ақ, инватакси саны 2 есе өсті. "Жаңа үйлердің бірінші қабатында "қадамдық қолжетімдік" қағидатына сәйкес балаларға арналған шағын орталықтар, оңалту орталықтары, балабақшалар, үй маңындағы доктор және т.с.с. нысандар ашамыз. Балалар - біздің болашағымыз. Оларды дамыту, оңалту және білім беру үшін барлық жағдай жасау маңызды. Биыл осы бағыттарды жүйелі негізде дамытуды жалғастырамыз", - дейді елорда әкімі.