Елорда әкімі Алтай Көлгінов Қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесті
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елорда әкімі Алтай Көлгінов Қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172112366228585464.webp)
Сондай-ақ қала басшысы Елбасы ұсынған "жұмыс істейтін жастар үшін жалға берілетін тұрғын үй" бағдарламасының жалғасатынын атап өтті. "Екінші – әлеуметтік нысандар құрылысы. Өткен жылы 2019 жылмен салыстырғанда 2 есе көп мектеп салынды. Биыл оқушы орындарының саны 2020 жылмен салыстырғанда екі есеге артады. Ірі мектептердің құрылысына көшеміз. Сондай-ақ, құрылысқа жеке инвестициялар тартамыз. Бұдан басқа, реаблитациялық орталықтар желісін, "үй маңындағы дәрігер" нысандарын және басқа да кеңейту бойынша жұмысты жалғастырамыз. Үшінші – қауіпті түрғын үй кешендерін жөндеу. Апатты ескі үйлерді сүру. Әлеуметтік үйлерді салып қана қоймай, қолданыстағы үйлерді де жөндеу қажет. Пандемияға қарамастан, 2020 жылы 50-ден астам көппәтерлі тұрғын үй кешені жөнделді. Осы жылдың басында апатты жағдайдағы ескі үйлерде тұрып келген 400 отбасы жаңа қауіпсіз пәтерлердің кілттерін алды. Аталған шаралар биылды жалғасады", - деді елорда әкімі. Сонымен қатар Алтай Көлгінов қала тұрғындарының жаяу жүруіне жағдай жасау өте маңызды екенін айтты. "Төртінші - абаттандыру. Қала тұрғындарының жаяу жүруіне жағдай жасау өте маңызды. Үйден шыққан кезде абаттандырылған аулалар, сондай-ақ қоғамдық кеңістіктер (саябақтар, алаңдар, бульварлар) болуы маңызды. Өткен жылы 150-ден астам аула мен 60 қоғамдық кеңістік абаттандырылды. Қаланың ескі бөлігіне баса назар аударылды, бос жерлер, батпақты жерлер және т. б. абаттандырылды. Осы жылы "жасыл" тұжырымдаманы іске асыруды жалғастырамыз: тал егу, бақшалар салу, қаланың көрікті жерлері мен мәдени нысандары аумақтарында жасыл желектердің санын ұлғайтамыз", - деді қала басшысы.