1 наурыздан бастап Қошқарбаев даңғылының бір бөлігі бір бағытты болады
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![1 наурыздан бастап Қошқарбаев даңғылының бір бөлігі бір бағытты болады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172112373213396848.webp)
Осы учаскелерде қозғалыстың қиындауына байланысты тұрғындардан көптеген шағымдар түскен.
Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Полиция департаментімен бірге осы учаскелердің жол-техникалық жағдайын тексеріп, біржақты қозғалысты енгізу туралы шешім қабылдады.
"Аталған өзгерістер қақтығыс орындарының санын қысқартуға, ең алдымен қарама-қарсы көлік ағындарының қақтығыстарын жоюға, жүретін бөлік жолағын ұтқыр пайдалануға, түнгі уақытта қозғалыс қауіпсіздігін арттыруға, жол бойында тұрған көліктердің арасында тәртіп орнатуға бағытталған. Жоғарыда айтылғанның негізінде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүргізушілерден жоғарыда көрсетілген өзгерістерді ескере отырып, Қазақстан Республикасы Жол жүрісі қағидасының талаптарын сақтауды, жүретін жерінің бағдарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз", - делінген Полиция департаментінің хабарламасында.