Елордада спортшыларға арналған сауықтыру диспансері ашылады
15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
«Нұр-Сұлтан қаласының мәслихатында елорданың атқарушы органдары жұмысының негізгі міндеттері мен бағыттары бойынша тұрақты комиссияның отырысы өтті. Жиын барысында Дене шынықтыру және спорт басқармасымен атқарылған жұмыстарды баяндадым. 2020 жылы елордада спортшыларға берілетін төлемақы мен оны алатын спортшылардың да саны артты. Сонымен қатар биылдан бастап жаттықтырушылардың жалақысы 50 пайызға көтерілді», - деп жазды С.Ерғалиев Facebook-тегі парақшасында.
Сондай-ақ, басқарма басшысы биыл елордада спортшыларға арналған жаңа кешеннің пайда болатынын алға тартты. «Биыл елордамызда тұңғыш рет спортшыларға арналған Дене шынықтыру және сауықтыру диспансері ашылады. Спортшылардың денсаулығын бақылауда ұстауды қамтамасыз ету үшін білікті спорт дәрігерлерін де тарту қолға алынады», - дейді ол.
Ұқсас жаңалықтар