Елордада қарттарға арналған демалыс орталығы ашылды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада қарттарға арналған демалыс орталығы ашылды
ашық дереккөз

«Әлеуметтік нысандарды барлық жас санаттарын ескере отырып ашамыз. Біздің ата-әжелеріміздің өтініші бойынша ардагерлер орталығы ашылды (Достық көшесі, 13). Аға буын орталықта спортпен тегін шұғылдана алады. Үстел ойындары да қарастырылды. Орталықта компьютерлік кабинеттер мен акт залы бар. Мұндай орталықтар зейнеткерлердің денсаулығын жақсартуға, басқа адамдармен араласуға көмектеседі», - деп жазды А.Көлгінов.

[caption id="attachment_62662" align="alignnone" width="849"] Фото: Александр Куприенко[/caption] Сонымен қатар, төрт елді мекенде (Өндіріс, Көктал, Ильинка, Теміржолшылар) ірі дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысы жүріп жатыр. Онда спортпен шұғылдануға арналған кабинеттерден басқа қарт адамдарға арналған тақырыптық клубтар, ХҚКО, полиция пункттері, пошта бөлімшелері және т.б. орналасады. "Елорданы "Нұр-Сұлтан – жайлы қала" мастер-жоспары аясында дамытудамыз. Бұл аудандар полиорталықты және кез келген жастағы тұрғындардың мүдделері / қажеттіктері ескеріледі", - дейді қала әкімі.