Елордада ішекті квартеттің жеке концерті өтті

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада ішекті квартеттің жеке концерті өтті
ашық дереккөз

Концертте скрипка, альт және виолончельдің сүйемелдеуімен А.Тоқсанбаев пен И.Гайдн және Б.Бартоктың үздік шығармалары орындалып, әлем жауhарларының музыкалары тыңдармандарға ұсынылды. Айдар Тоқталиев – бірінші скрипка, Алексей Лебедев – екінші скрипка, Бекзат Сайлаубайұлы – альт, Ернар Мыңтаев – виолончель төрттігінен құралған топ бүгінде Қазақстанның үздік өнер иелері қатарында. Айта кетсек, ішекті квартеттің көркемдік жетекшісі – Қазақстанға еңбек сіңірген қайраткер Ернар Мыңтаев.