Нұр-Сұлтанда 140-тан астам медициналық қызметкер КВИ-ға қарсы екпе алды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Нұр-Сұлтанда 140-тан астам медициналық қызметкер КВИ-ға қарсы екпе алды
ашық дереккөз

Бірінші кезеңде екпе алушылардың алғашқылары болып қалалық ауруханалардың, қаланың жұқпалы аурулар орталығының медициналық қызметкерлері, жедел жәрдем бригадасының фельдшерлері болды. Емхана бригадасының фельдшері вакцинация туралы пікірімен бөлісіп, вакцинациядан кейін өзін қалай сезінетінін айтты: "Вакцинациядан кейін ешбір жерім мазалаған жоқ: бастың айналуы немесе жүрек айнуы байқалған жоқ. Мен өзімді өте жақсы сезініп тұрмын. Екпе салдыртуды шешкен себебім, өйткені мен пациенттермен тығыз жұмыс істеймін, түрлі қоңырауларға шығамын", - деді фельдшер Ерсұлтан Үсенұлы. Қайнар Фархадұлы, қалалық №9 емхананың сүзгі-кабинетінің дәрігері: - Күніне 250-ге дейін адам жедел респираторлық вирустық инфекциялар мен суық тию белгілерімен келеді. Бірақ тест жүргізілгенге дейін кейбіреулерінде коронавирустық инфекция жоқ деп нақты айту мүмкін емес. Вакцинация, ең алдымен, мені ауырып қалудан қорғайды. Қазір вакцинациядан кейін өзімді жақсы сезінемін, - дейді дәрігер. Жалпы, елордада 6 300 медициналық қызметкер КВИ инфекциясына қарсы вакцинациядан өтеді. Тізімдер мамандардың ерікті келісімі бойынша жасалғанын атап өтеміз. Естеріңізге сала кетейік, вакцинация 2 кезеңмен жүзеге асырылады, алдымен бірінші компонент 0,5 мл мөлшерінде, содан кейін екінші компонент сол дозада 0,5 мл (21 - 42 күннен кейін) салынады. 21 күннен кейін вакцинация алғандарды екінші кезеңге шақырады.