Елордада педагогтар, дәрігерлер мен құтқарушылардың құрметіне гүлзарлар мен саябақтар ашылуы мүмкін
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елордада педагогтар, дәрігерлер мен құтқарушылардың құрметіне гүлзарлар мен саябақтар ашылуы мүмкін](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/17211245466001755.webp)
Сонымен қатар ол пандемияның жұртшылыққа денсаулықты сақтау және спортпен шұғылдану қаншалықты маңызды екенін көрсеткенін атап өтті. "Медицина қызметкерлері, мұғалімдер, құтқарушылар және басқалар коронавируспен күресте алдыңғы қатарда болды. Педагогтар, дәрігерлер мен құтқарушылардың құрметіне тақырыптық гүлзарлар мен парктер ашып, оларды абаттандыруды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар "Астана Балет" маңындағы аумақта жасыл бақ, "Астана Опера" аумағында емен бағы, ал Триатлон паркте сирень бағы салынбақ. Қала жаңа түстермен жарқырайды. Елорданың әр ауданын көгалдандырамыз. Елбасы сұхбатында елорданың бас жоспары ғимараттардың, жасыл желектер мен орманның симбиозы ретінде жасалғанын атап өтті. Бұл тақырыпты жалғастырамыз: қала тұрғындарының қатысуымен сенбіліктер, экоакциялар өткіземіз. Қаланы көгалдандыруға әркім өз үлесін қоса алады. Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары, сіздер қай жерде көбірек жасыл желекті көргілеріңіз келеді, қаланың қандай аудандары мен орындарын көгалдандыру қажет?" - деді Алтай Көлгінов.