Байқоңыр ауданында «Халық қатысатын бюджет» жобасы іске қосылды
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Байқоңыр ауданында «Халық қатысатын бюджет» жобасы іске қосылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172112454411171929.webp)
Жобаның басты мақсаты – аудан тұрғындарының ұсыныстары негізінде ауданды дамыту және абаттандыру.
«Халық қатысатын бюджет» жобасы бойынша тұрғындардан өтінімдер қабылдау осы жылдың 20 ақпанынан бастап 10 наурызына дейін жүргізіледі.
Кез келген аудан тұрғыны аудан аумағын абаттандыру бойынша өз идеясын ұсына алады.
Жобалық ұсыныстар бойынша өтінімдер Байқоңыр ауданы әкімі аппаратының www.baikonyr.astana.kz ресми интернет-ресурсындағы «Халық қатысатын бюджет» бөлімінде қабылданады. Бұл бөлімде бағдарламаның ережесімен, Сараптамалық кеңестің мүшелерімен егжей-тегжейлі танысып, дайын жобаның үлгісін жүктей аласыз.
Жобаға қатысты қосымша ақпараттар мен сұрақтарыңызды Байқоңыр ауданы әкімі аппаратының @baikonyr_nur_sultan парақшасына жолдай аласыздар.