Нұр-Сұлтанда санитарлық нормаларды қасақана бұзушылардың портреті жарияланды
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Нұр-Сұлтанда санитарлық нормаларды қасақана бұзушылардың портреті жарияланды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/17211245689541831.webp)
Дәрігерлердің айтуынша, олар - негізінен ойын-сауық орындарына барып, шектеулі санитарлық нормаларды сақтамайтын адамдар. Елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, қалада бірқатар шектеу нормалары енгізілді. Осылайша, СОО жұмыс күндері 20.00-ге дейін істесе, демалыс күндері жұмыс істемейді. Дәмханалар мен мейрамханалар жұмыс күндері және демалыс күндері тек 20.00-ге дейін жұмыс істейді (ғимараттың сыйымдылығы 30 орыннан аспайтын орын). Ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салынады. Қалада мобильді топтармен күнделікті негізде санитарлық нормаларды сақтау нысандарына рейдтер жүргізілуде. Жағдайды тұрақтандыру үшін барлық азаматтар қатаң санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды ұстанып, бетперде режимі сақталады. Барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, коронавирустың күрт өршуіне және жаппай таралуына жол бермеуге болады. Еске сала кетсек, елорда «қызыл» аймақта орналасқан.