Елордадағы 40-тан аса көшені қайта атау жоспарға енгізілді
Құжатқа сәйкес, елордадағы 40-тан аса көшеге атау беру және қайта атау туралы шешім шығарылды. Алматы ауданы бойынша: жобалық атауы А21 көшеге – Ұзақбай Құлымбетов көшесі; жобалық атауы № 231 көшеге – Әнуарбек Байжанбаев көшесі; жобалық атауы № 23-14 көшеге – Мақтай Сағдиев көшесі; жобалық атауы А22 көшеге – Кәмен Оразалин көшесі; жобалық атауы А23 көшеге – Аманжол Бөлекпаев көшесі; жобалық атауы № 23-7 көшеге – Бәйкен Әшімов көшесі; жобалық атауы А25 көшеге – Кеңшілік Мырзабеков көшесі; жобалық атауы А26 көшеге – Нығмет Нұрмақов көшесі; жобалық атауы № 23-6 көшеге – Рахманқұл Бердібай көшесі; жобалық атауы А36 көшеге – Салық Зиманов көшесі; жобалық атауы А98 көшеге – Жұбан Молдағалиев көшесі; Есіл ауданы бойынша: жобалық атауы Е755 көшеге – Әнет баба көшесі; жобалық атауы Е16 көшеге – Хиуаз Доспанова көшесі; жобалық атауы Е22 көшеге – Роза Бағланова көшесі; жобалық атауы Е574 көшеге – Бердіқожа батыр көшесі; жобалық атаулары Е584 және Е631 көшелерін біріктіріп, Баймұхамет Қосшығұлов көшесі; жобалық атаулары Е587 және Е619 көшелерін біріктіріп, Уәли Халфин көшесі; Достық көшесінен басталып, Дінмұхамед Қонаев көшесіне дейін жалғасатын «Қазмедиа орталығы» ғимаратының алдында орналасқан атаусыз көшеге – Қазақ радиосы көшесі. «Шығыс Ильинка» тұрғын алабы – «Үркер» тұрғын алабы; Новый аэропорт көшесі – Жаңадария көшесі; Сығанақ және жобалық атауы Е10 көшелерін біріктіріп, Сығанақ көшесі; Байқоңыр ауданы бойынша: Жұмабек Тәшенов көшесі – Жұмабек Тәшенев көшесі; Павлик Морозов орамы – Сейхун орамы; Ленинградский орамы – Төрткөл орамы; Жұмабек Тәшенов орамы – Жұмабек Тәшенев орамы; Жазық орамының Өндіріс көшесінен басталып, Төлеген Тоқтаров көшесіне дейін жалғасқан бөлігі – Ырғыз орамы; Гүлзар орамының Саржайлау көшесінен басталып, Төлеген Тоқтаров көшесіне дейін жалғасқан бөлігі – Ақжарма орамы; Ақсеңгір көшесінің Құсжолы көшесінен басталатын бөлігі – Шоқпартас орамы; Телжан Шонанұлы көшесінің Николай Гоголь көшесінен басталып, Ташкент көшесіне дейін жалғасқан бөлігі – Шілікті орамы; Ағадыр көшесінің С613 жобалық көшесінен басталып, Тайбурыл көшесіне дейін жалғасқан бөлігі – Шилісай орамы; Ағадыр көшесінің № 8 үйден басталып, Игілік көшесіне дейін жалғасқан бөлігі – Шеңгелді орамы; Кеншілер көшесінің Кентау көшесінен басталып, Ақшағыл көшесіне дейін жалғасқан бөлігі – Қарғалы орамы; Жетісай орамының № 49А үйден басталып, Юрий Малахов көшесіне дейін жалғасқан бөлігі – Үңгіртас орамы; Ақшағыл көшесінің Кентау көшесінен басталатын бөлігі – Тұздыкөл орамы; Юрий Малахов көшесінің № 12 үйден басталып, Саржайлау көшесіне дейін жалғасқан бөлігі – Түрген көшесі; Төңкеріс көшесінің № 14 үйден басталып, Проезд-48 көшесіне дейін жалғасқан бөлігі – Толағай орамы; Саржайлау көшесінің № 9/5 үйден басталып, № 11А үйге дейін жалғасқан бөлігі – Текелі орамы; Шыңғырлау көшесінің № 17/1 үйден басталып, № 1А үйге дейін жалғасқан бөлігі – Тастөбе орамы; Өзен көшесінің Сусамыр көшесінен басталып, Өндіріс көшесіне дейін жалғасқан бөлігі – Талдыбұлақ орамы; Қызылжар көшесінің Жезкиік орамынан басталып, Найзатас орамына дейін жалғасқан бөлігі – Өлеңдісай орамы; Тасқұдық көшесінің № 20 үйден басталып, Ынталы көшесіне дейін жалғасқан бөлігі – Ойқарағай орамы; Құрманғазы көшесінің № 50 үйден басталып, № 64 үйге дейін жалғасқан бөлігі – Жиренкөл орамы; Сарыарқа ауданы бойынша: Пионерская көшесі – Талшық көшесі; Проезд-52 көшесі – Ақтоғай көшесі; Мостопоезд-463 көшесі – Жартас көшесі; Аспара көшесінен басталып, Медеу көшесіне дейін жалғасқан Тарас Шевченко көшесі – Қатонқарағай көшесі; Екінші Алматы және жобалық атауы С409 көшелерін біріктіріп, Ермек Серкебаев көшесі деп қайта аталсын.