Алтай Көлгінов кезекті рет тұрғындарды онлайн қабылдады
15 тамыз, 2024
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Алтай Көлгінов кезекті рет тұрғындарды онлайн қабылдады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172112468715336577.webp)
ашық дереккөз
"Бүгін 12 тұрғынды онлайн қабылдадым. 20-дан астам сұрақ қамтылды. Азаматтарды апта сайын онлайн режимде қабылдап тұрамыз. Бұл "халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасы аясында кері байланысты айтарлықтай нығайтуға, қойылған сауалдарға дер кезінде әрекет етуге мүмкіндік береді", - деп жазды А.Көлгінов.
Қабылдауда көтерілген мәселелер медициналық көмек алу, білім алу, жұмысқа орналасуға жәрдемдесу, тұрғын үй бағдарламаларына қатысу және т.б. қатысты. Осы айдың басынан бері әкім орынбасарлары және аудан әкімдерімен бірлесе 400-ден астам тұрғын қабылдаған.
Ұқсас жаңалықтар