Елордада 17 мың текше метрден астам қар шығарылды
15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
14 қаңтардан 15-іне қараған түні 17 313 текше метр қар шығарылды. Бірінші кезекте ереже бойынша жолдарда кептеліс болмауы үшін қозғалысы өте қарқынды учаскелер тазартылады. Одан әрі орташа қарқынды учаскелер – алаңдар, вокзал маңындағы аумақтарға көңіл бөлінеді. Естеріңізге сала кетейік, жиналған қар елорданың аудандарында орналасқан он бір полигонға шығарылады. Қалада қар жинау 24/7 режимінде жүргізіледі. Полигондарда бақылау үшін фото-және бейнекамералар орнатылған.
Ұқсас жаңалықтар