Халықаралық Жәутіков олимпиадасы: Елордалық оқушылар 13 жүлделі орынды иеленді

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Халықаралық Жәутіков олимпиадасы: Елордалық оқушылар 13 жүлделі орынды иеленді
ашық дереккөз

Олимпиадаға Нұр-Сұлтан қаласының 24 оқушысы қатысты. Оның ішінде 6 физика, 6 информатика және 12 қатысушы математика пәнінен бақ сынады. Елордалық команда жақсы нәтиже көрсетіп, дарынды оқушылар жүлделі орындарға ие болды. Данат Дуйсембеков (Spektrum мектебі) алтын медальды қанжығаласа, Ашкен Абылай (Spektrum мектебі), Жеңіс Әліби (Nurorda лицей), Абдрахимов Бексұлтан, Раушанов Марлен, Сам Фетуллах (БИЛ (ер балалар) күміс медальды иеленді. Құсдәулетов Эльдар, Нағашбек Мұхаммед (NurOrda лицейі), Алпысбеков Әлихан, Дүйсембаев Қозықорпеш (БИЛ (ер балалар) қола медальды еншіледі. Математиктер қоржынында барлығы 1 алтын, 5 күміс, 4 қола медаль бар. Физикадан Назарбай Нұрдәулет (Nurorda лицей), Нығмет Ерхан ("Зерде" мектебі) қола медальға ие болды. Ал информатика пәнінен Қанатұлы Аманболға (NurOrda лицей) қола медаль бұйырды. Жалпы, елорданың қоржыны 13 медальмен, яғни 1 алтын, 5 күміс және 7 қола медальмен толықты. Айта кетсек, «Білім-инновация» лицейінің математика пәні мұғалімі Муаммер Гуль, NURORDA мектеп-лицейінің математика пәні мұғалімі Ахмад Уринбасаров, физика пәні мұғалімі Арнур Қазыбеков және информатика пәні мұғалімі Дарын Ыбыраев , №9 «Зерде» мамандандырылған мектебінің физика пәні мұғалімі Валя Қайсенова Олимпиаданың жеңімпаздарын дайындаған болатын.