Алтай Көлгінов: Елорда «Нұр-Сұлтан - жайлы қала» мастер-жоспары аясында дамуда
Мемлекет басшысының тұрғын үй алаптарын дамытуға, соның ішінде бұқаралық спортты насихаттауға ерекше көңіл бөлетінін жеткізді. "Ол үшін барлық жағдайды жасаймыз. Мысалы, өткен жылы 760 мың шаршы метрден астам аула абаттандырылды: бұл 150-ден астам аула және 60 қоғамдық кеңістік. Қаланың ескі бөлігіне, сондай-ақ бұрын қаңырап бос қалған, қараусыз қалған және батпақты жерлерге, апатты үйлер бұзылған жерлерге баса назар аударылды. Осылайша, елорда картасында жаңа тартылыс нүктелері пайда болды. Биыл оларды ұлғайту бойынша жұмысты жалғастырамыз”, – деді Алтай Көлгінов. Сондай-ақ көктемнен бастап қаланы көгалдандыруға ерекше назар аударуды жалғастыранын және мегаполисте экозон барынша көп болуы тиіс екенін атап өтті.