Осы сайлаудан көп жақсылық күтеміз – елорда тұрғыны

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Осы сайлаудан көп жақсылық күтеміз – елорда тұрғыны
ашық дереккөз

«Жасым 45-те, елорда тұрғынымын. Азаматтық парызымызды орындап, әрбір сайлауға қатысып, міндетті түрде дауыс беріп отырамыз. Бүгін де өзімнің таңдауымды жасауға келіп тұрмын. Сайлау әділ өтеді деп ойлаймын. Әрдайым жақсылықтан үміттенеміз. Бұл сайлаудан кейін де елімізде жақсы өзгерістер болады деп сенеміз. Жалпы, партиялардың сайлауға көптеп қатысқанын қалаймын. Өйткені бәсекелестік болған жерде сапа болады, ал сапа бар жерде тұрмыстың да жақсаруына сеп болады деп ойлаймын», – деді Мейірман Кәмен.