Алтай Көлгінов елордалық Полиция департаменті қызметкерлерімен кездесті

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Алтай Көлгінов елордалық Полиция департаменті қызметкерлерімен кездесті
ашық дереккөз

Кездесу барысында қала әкімі елордалық полицейлердің жұмыс жағдайымен танысып, учаскелік полиция инспекторлары жұмысының маңыздылығын атап өтті. Ерлодада құқық бұзушылықтардың саны төмендеген. Қалада 30-дан аса учаскелік полиция пункттері орналасқан, олардың бірқатары жөндеу жұмыстарын жүргізуді қажет етеді. Қала басшысы Президенттің тапсырмасына сәйкес, жергілікті полиция қызметі реформасы аясында негізгі рөл «полиция қадамдық қолжетімділікте» қағидаты бойынша жұмыс жасауы тиіс учаскелік полиция инспекторларына жүктелетінін, осы ретте полицияның жұмысына және азаматтарға қолайлы болу үшін барлық жағдай жасалатынын атап өтті. Жиын соңында Алтай Көлгінов полиция жеке құрамын келе жатқан жаңа жыл мерекесімен құттықтап, жұмыста жақсы нәтижелерге қол жеткізулеріне тілектестігін білдірді.