Елорда әкімі коммуналшылар мен жүргізушілерді құттықтады

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елорда әкімі коммуналшылар мен жүргізушілерді құттықтады
ашық дереккөз

"Бұл жыл бәрімізге оңай болмады. Біздің коммуналшылар тұрғындарға жайлы болуы үшін қаланы таза ұстауға ауа райына қарамастан күн сайын еңбектенеді. Егер өткен жылы коммуналдық қызмет автопаркінің (Астана Тазалық пен Астана Зеленстрой) арнайы техника мен жабдығы 165-тен аса бірлікке көбейсе, биыл тағы 125 бірлік арнайы техника мен 100-ден аса қосымша жабдық сатып алынды. Өткен жылдан бері жалақы мен сыйақы көлемі артты. Келесі жылы да коммуналшыларымыздың еңбегін қолдап, оларға жағдай жасау бойынша жұмыс жүргізуді жалғастырамыз", - деп жазды А.Көлгінов.

[caption id="attachment_56025" align="alignnone" width="803"] Фото: Александр Куприенко[/caption] ТЖ режимі кезінде жүргізушілер де алдыңғы шепте болды. Олар медициналық қызметкерлерді, әлеуметтік жұмысшыларды тасыды. Карантин цифровизация саласын дамытуды жалғастыру керек екенін көрсетті. Автобустарға 100% валидаторлар орнатудың арқасында жүргізуші мен жолаушының байланысын төмендету үшін төлемақы жасауда қолма-қол есептесу алынып тасталды. "Бұдан бөлек, парк жыл басынан бері 100 электрлі автобуспен толықты. Оларды пайдалану экологиялық (атмосфераға зиянды қалдықтар бөлмейді) және үнемдік жағынан тиімді. Экологияның маңызын ескере отырып, жеке инвестиция есебінен автопаркті жаңарту көзделіп отыр. Бұл ретте автопарк тағы 100 электроавтобуспен толығады", - деді қала әкімі. [caption id="attachment_56024" align="alignnone" width="800"] Фото: Александр Куприенко[/caption]