Елордалық жедел медициналық жәрдем станциясының автопаркі толық жаңартылды
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елордалық жедел медициналық жәрдем станциясының автопаркі толық жаңартылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/17211277741109877.webp)
[caption id="attachment_55842" align="alignnone" width="696"] Фото қала әкімдігінің баспасөз қызметінен[/caption]
«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Денсаулық сақтау министрлігі мен қала әкімдігі тарапынан тұрғындарға сапалы әрі жылдам қызмет көрсету үшін жедел жәрдем көліктерінің санын көбейту тұрғысында бірқатар жұмыс жүргізілді. Бұл жұмысты біз 100 пайыз орындадық. Өткен жылы жергілікті бюджет есебінен 52 көлік, биыл тағы 35 техника бірлігі алынды. «103»-тің автопаркі 100 пайыздан аса жаңарды деуге болады», - деді қала әкімінің орынбасары.
Жаңа көліктер барлық қажетті құралмен жабдықталған. Оның шақырту орнында да, науқасты стационарға апара жатқан кезде де интенсивті терапия көрсетуге мүмкіндігі бар.
[caption id="attachment_55843" align="alignnone" width="696"]
Фото қала әкімдігінің баспасөз қызметінен[/caption]
Айта кетсек, қазіргі таңда Нұр-Сұлтан қаласы жедел медициналық жәрдем станциясының балансында 100-ден аса көлік бар. Биыл елорда әкімдігі мен Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен "103" автопаркі 30-дан аса жаңа көлікпен қамтамасыз етілді. Соның бір бөлігін күзде елорда әкімі Алтай Көлгінов салтанатты түрде табыстаған болатын.
Бұған дейін жедел жәрдем станциясының мұншалық жаңа көліктерге бірден көбеймегенін айтқан жедел медициналық жәрдем станциясының ұжымы қала басшылығына алғыстарын айтты.
[caption id="attachment_55844" align="alignnone" width="696"]
Фото қала әкімдігінің баспасөз қызметінен[/caption]
«Барлықтарыңызды келе жатқан жаңа жылмен құттықтаймын! Дендеріңізге саулық тілеймін. Денсаулықтың ең басты байлық екенін, әсіресе, биыл ерекше сезіндік. Техниканы әрдайым сатып алуға болады. Алайда ең бастысы адами ресурс – тәулік сайын қала тұрғындарына медициналық көмек беретін дәрігерлеріміздің денсаулығы одан да маңызды», - деді қала Бақтияр Мәкен.