Алтай Көлгінов биыл 1 мыңнан астам азаматты қабылдады
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Алтай Көлгінов биыл 1 мыңнан астам азаматты қабылдады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172112777327560774.webp)
Әлеуметтік мәселелерді шешуге «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы көмектеседі (Бейбітшілік көшесі, 14). Ол жерден қалалықтарға «бір терезе» қағидаты бойынша 70-тен астам мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Ашылған сәттен, яғни 2019 жылдың тамызынан бастап - 41,5 мың азамат көмек сұрап келді. "Биыл «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша 15 мыңнан астам адамды жұмысқа орналастырдық. Бұл бағдарлама бойынша бірқатар маңызды әлеуметтік жобаны жүзеге асырдық. Сондай-ақ оқу орындары түлектері үшін гранттар санын арттырып, тұрғындарға жақын жерлерден «Үй маңындағы дәрігер» атты 29 нысан аштық. Бұл тағы 180 мың қала азаматын қамтуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, ерекше балалар тәрбиелеп отырған ата-аналардың өтінішін ескеріп, биыл 5 оңалту орталығын аштық. Бұған қоса, қаланы аралау кезінде тұрғындармен кездесіп, олардың өтініштері бойынша жұмыс атқарамыз. Бұл шараның бәрі Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына көшу бойынша міндеттерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді", - дейді елорда әкімі.