Нұр-Сұлтанда кезекте тұрған 300-ден астам отбасы пәтер кілтін алды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Нұр-Сұлтанда кезекте тұрған 300-ден астам отбасы пәтер кілтін алды
ашық дереккөз

Елордада Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биыл қолжетімді тұрғын үй құрылысының көлемі үш есе ұлғайтылды. Қазірдің өзінде 7 мыңнан астам әлеуметтік пәтер үлестірілді, олардың бір бөлігі Отбасы банкінің кезегінде тұрғандар. Іс қағаздарын жүргізу және пәтер алған азаматтарды кезектен шығару бойынша жұмыстың соңғы кезеңі жүргізілуде. «Жаңа жыл қарсаңында қалалықтардың тағы бір бөлігі жаңа қоныс иелері атанды. Жаңа жылды жылдар бойы күткен пәтерлеріңізде қарсы аласыздар. Үйдің орналасқан жері өте ыңғайлы, өзен жағасында. Жақын жерде кең аулалар, мектеп және балабақшалар бар. Үйлеріңіз тек қуанышты оқиғаларға толы болсын!», - деді әкімнің орынбасары Нұрлан Нұркенов кілтті салтанатты тапсыру кезінде. [caption id="attachment_55475" align="alignnone" width="1280"] Фото: Александр Куприенко[/caption] Елорда әкімі Алтай Көлгіновтің тапсырмасы бойынша биыл бірқатар тұрғын үй бағдарламаларына өзгерістер енгізілді, мысалы, Қазақстан ипотекалық компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылған тұрғын үй бағдарламасына сәйкес, білім және денсаулық сақтау саласының қызметкерлерінен басқа өрт сөндірушілер, әлеуметтік қызметкерлер, мәдениет және спорт қызметкерлері, полиция қызметкерлері де әлеуметтік пәтер алушылар тізіміне енгізілді. Сонымен қатар тұрғындардың әлеуметтік жағынан осал топтардың барлық санаттары тұрғын үй сертификатын алушылар тізіміне енгізілді. 2021 жылдан тұрғын үй сертификаттарының көлемін 1 миллионнан 1,5 миллион теңгеге дейін арттыру жоспарлануда. [caption id="attachment_55476" align="alignnone" width="1280"] Фото: Александр Куприенко[/caption] «Жылдап күткен жаңа пәтерлеріне көшіп жатқан әр отбасына қуаныштымыз. Ел басшылығы баспана мәселесіне ерекше назар аударады. 2021 жылдың басында біз тұрғындардың әлеуметтік осал топтарынан кезекте тұрғандарға пәтер кілттерін табыстаймыз. 2021 жылы біз қазіргі рекордтық қарқынды ұстап қана қоймай, қолжетімді тұрғын үй құрылысының көлемін ұлғайтамыз. Мен сондай-ақ қиын жыл болғанымен жұмысын жалғастырған құрылысшыларымызға алғыс айтамын», - деді елорда әкімі Алтай Көлгінов.