Елордадағы Триатлон паркінде жеке жүгіруден жарыс өтеді

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордадағы Триатлон паркінде жеке жүгіруден жарыс өтеді
ашық дереккөз

Белгіленген маршрут бойынша жүгіру түрлі жастағылар үшін бірдей, 10 км қашықтықта және әр қатысушы жеке өз стартымен жүгіреді. Уақыт аралығы – кем дегенде 30 секунд. "50-50 және 60+ жас тобындағы қатысушы ерлер мен әйелдер жарысты таңғы 07:00-ден, 40-49-дағылар таңғы 08:30-дан, 30-39 жас аралығындағылар 10:00-ден, 18-29 жастағы қатысушылар таңғы 11:00-ден бастайды. Топ боп жүгіруге тыйым салынады. Ең аз қашықтық – 5 метр. Қатысушылар саны шектеулі, ең көбі – 300 адам", – делінген хабарламада. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау 28-30 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қалалық Триатлон федерациясы (Қабанбай батыр 41А мекенжайы бойынша) кеңсесінде сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін қашықтан өтеді. Іс-шараны Дене шынықтыру және спорт басқармасы, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы" КММ, Нұр-Сұлтан қаласының "Триатлон федерациясы" ҚБ, "Қазақстан Республикасының жеңіл атлетика федерациясы” ҚБ, “Қазақстан велосипед спорты федерациясы” РҚБ Нұр-Сұлтан қалалық филиалы ұйымдастыруда.