Бөгенбай батыр даңғылындағы көпірде қозғалыс жартылай жабылды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Бөгенбай батыр даңғылындағы көпірде қозғалыс жартылай жабылды
ашық дереккөз

Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының хабарлауынша, 11 желтоқсанда нысандағы теміржол арқылы (оң жағы) өтетін №2 жол өтпесінің аралық құрылысының арқалығы бұзылды. «Бөлшектелген арқалық қауіпсіздік жолағы мен қозғалыс жолағының бір бөлігінде бар аралықта қалдыру керек болды. Осыған байланысты жолдың бір бөлігін жабуға тура келді. 12 желтоқсанға қараған түні бұл материал бөлшектеніп, қоқыс полигонына шығарылады», - деп түсіндірді мамандар. Азаматтарға кептелісті болдырмау үшін өз бағдарын алдын ала жоспарлауға кеңес беріледі. Нұр-Сұлтанның Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды сұрайды.