Нұр-Сұлтан «қызыл» аймаққа енді
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Нұр-Сұлтан «қызыл» аймаққа енді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172114530111981529.webp)
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 10 желтоқсандағы жағдай бойынша "қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан мен Павлодар облысы орналасқан. "Сары" аймақта: Шығыс Қазақстан, Атырау, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары және Алматы қаласы. Барлық қалған өңірлер "жасыл" аймақта орналасқан. Өткен тәулікте (9 желтоқсандағы деректер бойынша) Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 777 жаңа жағдайы тіркелді. Оның 121-і елордада. Бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов коронавирусқа байланысты локдаун туралы сұраққа жауап берген болатын. Оның айтуынша, қазір қаланы жабу жоспарлары жоқ. "Егер оң нәтижелер көбейсе, қосымша карантиндік шектеулер болады. Сондықтан өте мұқият болу керек және санитарлық қауіпсіздік ережелерін сақтау керек. Сонда қосымша карантиндік шектеулер болмайды", - деді А.Көлгінов ОКҚ онлайн-брифингінде.