Елорда әкімі Дүкенұлы көшесінде орналасқан үйдің тұрғындарымен кездесті

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елорда әкімі Дүкенұлы көшесінде орналасқан үйдің тұрғындарымен кездесті
ашық дереккөз

"Қаланың ескі бөлігінде кейбір аудандар едәуір ескірген. Жайлылыққа ерекше көңіл бөлеміз: тұрғын үйлерді жөндеп, тұрғындар үшін үлкен аулалар, саябақтар мен скверлер саламыз, апатты үйлерді бұзамыз. Бүгін Дүкенұлы көшесі, 21 (Сарыарқа ауданы) мекенжайы бойынша орналасқан үйдің тұрғындарымен кездестім. Бес қабатты жатақхана 1966 жылы салынған, шамамен 170 бөлме бар. 600-ге жуық адам тұрады. Тұрғындарда электр, су, кәрізге қатысты мәселелер туындайды. Сонымен бірге ғимарат іші суық, бұл денсаулыққа, әсіресе балалар мен аға буынға теріс әсер етеді. Үйге техникикалық тексеру жүргізу кезінде тозу 60%-дан астамды құрайтыны анықталды, ғимарат апатты деп танылды. Ол тізімге қосылды", - деп жазды А.Көлгінов.

[caption id="attachment_51287" align="alignnone" width="884"] Фото: Александр Куприенко[/caption] Тұрғындармен кездесу барысында тізімге 90 жыл бұрын салынған апатты үйлер де енгізілді. Осы жылдың соңына дейін ТКШ жаңғырту бағдарламасы аясында жөнделген көппәтерлі тұрғын үй кешендерінің жалпы саны 50-ден асса, 100-ге жуық лифт жөнделіп, ауыстырылады. [caption id="attachment_51288" align="alignnone" width="880"] Фото: Александр Куприенко[/caption]