16 желтоқсанда елордада бокс кеші өтеді
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![16 желтоқсанда елордада бокс кеші өтеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/17211453729896964.webp)
Шоудың басты оқиғасы екінші орта салмақтағы WBC Asia, WBO Global және WBA International отандық чемпионы Айдос Ербосынұлы (14-0, 9 КО) мен Ганц Исса Самирдің (19-0, 16 КО) жекпе-жегі болмақ. Сондай-ақ профиде екінші жекпе-жегін әуесқойлар арасында әлем чемпионы Бекзад Нұрдәулетов өткізеді. BoxRec.com ақпараты бойынша бұл кеште жанкүйерлер келесі жекпе-жектерді де көреді: Бек Нұрмағанбет (2-0, 1 КО) — Эммануэль Дансо (Гана, 32-5, 26 КО); Евгений Павлов (2-0, 2 КО) — Али Лорель (Филиппин, 18-4-1, 11 КО); Бекзад Нұрдәулетов (1-0, 1 КО) — Кабиру Товолави (Нигерия, 13-2, 10 КО); Данил Семенов (1-0, 1 КО) — Ыбырайым Табул (Гана, 17-4-1, 13 КО). Шоудың басталуы елорда уақытымен 21:30-да "Хабар" телеарнасында тікелей эфирде көрсетіледі. Бокс кеші барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып, көрермендерсіз өтеді.