00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордалық гимназия халықаралық авторизация алды

15 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордалық гимназия халықаралық авторизация алды
ашық дереккөз

Бүгінге дейін Халықаралық бакалавриат мектебінің мәртебесі Қазақстанда тек 9 білім беру ұйымына берілген еді. Олар негізінен жекеменшік мектептер мен Назарбаев Зияткерлік мектептері. №81 мектеп осы тізімде 10-орынға ие болды және авторизация алған алғашқы мемлекеттік мектеп саналады. Авторизациядан өту үшін мектепке Халықаралық бакалавриат өкілдері бірнеше рет келіп, олардың халықаралық мәртебеге сәйкестігін тексерген. Тексеру процесі мектеп қауымдастығының барлық мүшесімен сұхбаттасу әрі кездесу түрінде өтті. Осы комиссиядан оң шешім алғаннан кейін ғана мектеп Халықаралық бакалавриаттың дүниежүзілік мектебі деген дәрежені алды.