Жыл басынан бері теміржол арқылы көмір экспорты 14 пайызға өсті

2025 жылдың бірінші жартыжылдығында ҚТЖ желісі бойынша экспортқа 16 млн тоннадан астам тас көмір жөнелтілді, деп хабарлады Elordainfo.kz «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14 пайызға немесе 2 млн тоннаға артық.
«Үндістан мен Түркияға жеткізілімдер айтарлықтай өсім көрсетті - бұл елдерге экспорт көлемі екі есеге артып, тиісінше 1,4 млн және 1,6 млн тоннаны құрады»,- делінген хабарламада.
Сондай-ақ Қырғызстанға жеткізілім 24 пайызға, яғни 280 мың тоннаға дейін, ал Ресейге жеткізілім 8 пайызға, яғни 11,8 млн тоннаға дейін өсті.
Ұқсас жаңалықтар

4 қыркүйек, 2025
«Түбегейлі жоққа шығарамыз»: министрлік еліміздегі мұнай өндіру көлеміне қатысты мәлімдеме жасады

4 қыркүйек, 2025
4 қыркүйекке арналған валюта бағамы

3 қыркүйек, 2025
Қазақстан Қытайға флекстанк арқылы алғашқы күнбағыс майын экспорттады

3 қыркүйек, 2025
Екінші деңгейлі банктер дихандарға жеңілдетілген несие беретін болды