00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Жыл басынан бері мемлекеттік бюджетке 6,1 трлн теңге кіріс түсті – министр

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Жыл басынан бері мемлекеттік бюджетке 6,1 трлн теңге кіріс түсті – министр
Фото: primeminister.kz

Бүгін Үкімет отырында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев соңғы 4 айдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қаржының атқарылу көрсеткіштері туралы айтты, деп хабарлады Elorda.info

Мемлекеттік бюджетке 6,1 трлн теңге сомасында кірістер түсті немесе жоспар 104,6%-ға орындалды. Республикалық бюджетке 4 трлн теңге кіріс түсті. Атқарылмаған бөлігі 336 млрд теңгені құрады. Атап айтқанда, салықтар бойынша жоспардың 369 млрд теңгеге орындалмауы негізінен корпоративтік табыс салығының, шикі мұнайға экспорттық кедендік баждың және қосымша құн салығының есебінен қалыптасты. Корпоративтік табыс салығы бойынша жоспардың орындалмауы 258 ірі салық төлеуші бойынша мәлімделген аванстық төлемдер сомасының өткен жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда 33%-ға азаюымен байланысты. Сондай-ақ, оған негізгі экспорттық тауарлар бағасының орташа 12%-ға төмендеуі әсер етті, – деді Қаржы министрі.

Зарина СӘРСЕНБАЙҚЫЗЫ