Ұлттық банк базалық мөлшерлеме деңгейін бекітті
Ұлттық банк базалық мөлшерлемеге қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Ұлттық банктің Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеті базалық мөлшерлемені жылдық 15,25 пайыз деңгейінде белгіледі. Пайыздық дәліз – +/- 1,0 п.т.
Ұлттық банктің мәлімдеуінше, желтоқсан айында Қазақстанда инфляция 8,6%-ға дейін үдеп, 2024 жылға болжанған 8-9% диапазон шегінде қалыптасты.
Желтоқсан айында халықтың инфляцияны күтуі, жоғары құбылмалылықты көрсетіп, қайта өсті.
Әлемдік азық-түлік бағасының жоғары болуына және Ресейде инфляцияның қарқын алуына байланысты сыртқы инфляциялық қысым жоғары болып тұр.
Айта кетейік, бұған дейін де Ұлттық банк базалық мөлшерлемені +/- 1 пайыздық тармақпен жылдық 15,25 пайыз деп белгілеу туралы шешім қабылдады. Шешім жаңартылған болжамдар мен инфляция балансын ескере отырып қабылданған.