Кирилл Бауэр Универсиадада қола медаль жеңіп алды
Бүгін, 17:25
Олжас Сүлейменов
Фото: instagram/biathlon_kaz
Қазақстандық биатлоншы Кирилл Бауэр Италияның Турин қаласында өтіп жатқан Универсиадада қола жүлдегер атанды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Спортшы 15 шақырымдық масс-стартта үшінші орынға ие болып, тек француз Натанаэль Пекен мен швед Карл Гренландтан қалып қойды. Бауэр жарысты 43:26.9 уақытпен аяқтап, төрт рет мүлт кетті. Жеңімпаздан артта қалуы 33.8 секундты құрады.
Бұл қола медаль Қазақстанның 2025 жылғы Универсиададағы 12-ші жүлдесі болды.
Айта кетейік, ел қоржынында үш алтын, төрт күміс және бес қола медаль бар.
Қысқы Универсиада-2025 13-23 қаңтар аралығында Турин қаласында өтуде. 11 спорт түрі бойынша 43 ұлттық студенттік спорт федерациясынан 1 400-ден астам спортшы қатысып жатыр.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 16:43
Харбиндегі қысқы Азия ойындары қатысушы елдер саны бойынша рекорд қойды
Бүгін, 14:05
Өзбекстандық БАҚ: Өзбек-қазақ боксында тағы бір текетірес аяқталды
Бүгін, 12:14
Эдуард Ким: Ниет пен тәртіптің арқасында спортта жетістікке жетуге болады
Бүгін, 11:32
Қазақстандық теннисші Португалиядағы турнирдің негізгі кезеңіне шықты