Тоқаев Total Energies компаниясының президентін қабылдады
15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат
Фото: дереккөз
Мемлекет басшысы Total Energies компаниясының президенті Патрик Пуяннені қабылдады, деп хабарлады Elorda.info Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы Total Energies компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы және президенті Патрик Пуяннені қабылдады.
Кездесуде Total Energies компаниясының Қазақстанмен қарым-қатынасының негізгі аспектілері және энергетика саласындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар Total компаниясының мұнай-газ химиясы саласындағы инвестициялық жобаларға қатысу перспективасы қарастырылды.
Ұқсас жаңалықтар