Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдерге аймақтарды абаттандыруды тапсырды
8 сәуір, 2024
Елорда ақпарат
Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы cу тасқынына ұшырамаған облыстар мен қалалардың әкімдеріне көшелерді тазарту, көгалдандыру және елді мекендердің аумақтарын абаттандыру науқанын бастауды тапсырды. Сонымен қатар жолдарды ретке келтіру міндеті жүктелді, деп хабарлады Elorda.info Ақордаға сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жұмыстарға тұрғындар мен еріктілерді тұрақты түрде тарту маңызды екенін атап өтті. Президенттің айтуынша, елді мекендер мен қоғамдық демалыс орындарын күтіп-баптау әкімдер қызметін бағалаудың тағы бір өлшемі болмақ.
Жалпы, өңірлердің басшылары қалаларды лайықты және тартымды жағдайда ұстау мәдениетін енгізуі керек.
Ұқсас жаңалықтар
19 желтоқсан, 2024
Олжас Бектенов Қостанай облысының индустриялды аймағын аралады
18 желтоқсан, 2024
Еліміздегі зейнетақының орташа мөлшері белгілі болды
18 желтоқсан, 2024
Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» қоры директорлар кеңесінің отырысын өткізді
17 желтоқсан, 2024
Мұнай-газ-химиясы өнімдерін өндіру көлемі 1,6 есе өсті – министр