Бүгін архившілер кәсіби мерекелерін атап өтіп жатыр
22 желтоқсан, 2024
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігінен
Қазақстанда жыл сайын 22 желтоқсанда Архившілер күні атап өтіледі, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Еліміздегі барлық архивтер Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» заңына сай жұмыс жүргізеді. 
Айтулы мереке Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 желтоқсандағы №874 қаулысы негізінде «22 желтоқсан – Архившілер күні» болып бекітілді.
«Біз ел тарихын сақтап, ұрпаққа мұра етіп қалдыруға зор үлес қосып жүрген архив саласының мамандарын құттықтаймыз!
Айтулы күнмен барша архившілер қауымын құттықтай отырып, шығармашылық шабыт, кәсіби табыстар мен отбастарыңызға амандық тілейміз!» - делінген Мәдениет және ақпарат министрлігінің құттықтауында.
Ұқсас жаңалықтар
25 наурыз, 2026
Қазақстан жастары Тәжікстандағы халықаралық форумға қатысты
25 наурыз, 2026
Қазақстан мен БАӘ сыртқы істер министрлері Таяу Шығыстағы ахуалды талқылады
25 наурыз, 2026
Каспийдегі қауіпсіздік: әскери-теңіз күштерінің дайындығы тексерілді
24 наурыз, 2026
Еліміздің су тасқыны қауіпті учаскелеріне мониторинг жүргізілді