00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

G4 City Жаңа Жібек жолы бойындағы туристік орталыққа айналады

11 шілде, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
G4 City Жаңа Жібек жолы бойындағы туристік орталыққа айналады
Фото: primeminister.kz

Үкіметте Премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың төрағалығымен G4 City жобасын одан әрі іске асыру мәселесі талқыланды, деп хабарлады Elorda.info.

«Астана» халықаралық қаржы орталығының әкімшілігі» АҚ атқарушы директоры Нұрлан Тойымбек G4 City жобасы үшін қызметтің қажетті салалардағы қатынастарды реттейтін өзіндік актілердің белгілі бір санын әзірлеу қажет болатынын айтты. Бұл ретте жоспарлау сатысында G4 City актілерімен реттелетін салаларды алдын ала анықтау маңызды. Қалғандары ҚР заңнамасымен реттеледі.

G4 City жобасын жүзеге асырудағы негізгі мақсат – қоғамның әлеуметтік құрылымын сапалы өзгерту, дені сау, белсенді, білімді азаматтардың жаңа буынын қалыптастыру. Бұл ең алдымен халықтың өмір сүру сапасын едәуір арттыру, елдегі демографиялық жағдайды жақсарту, адами капиталдың және еліміздің серпінді дамуына жағдай жасау.

G4 City қаласы Жаңа Жібек жолының бойында орналасқан жаңа экономикалық және жаһандық туристік орталыққа айналады деп күтілуде. Дамудың ауқымды перспективаларын ескере отырып, G4 City 2,2 млн-нан астам тұрғыны бар интеграцияланған қала ретінде дамып, G4 City 2050 жылға қарай 1,1 млн-нан астам жұмыс орнын қамтамасыз етеді деген болжам бар.

Кеңес қорытындысы бойынша Ерұлан Жамаубаев мемлекеттік органдар мен ұйымдарға тиісті бірқатар тапсырма берді.