Энергетика министрлігі өңірлер бойынша тауарлық газдың шекті көтерме бағаcын белгіледі


Қазақстанда тауарлық газдың шекті бағасы бекітілді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Өңірлерде 2025 жылғы 1 шілдеден 2026 жылғы 30 маусымға дейінгі кезеңде ірі коммерциялық тұтынушылар мен кеншілер үшін тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағалары мынадай:
* Астана қаласы мен Ақмола облысына – 72 846 теңге;
* Алматы қаласы мен Алматы облысына – 76 686 теңге;
* Шымкент – 71 122 теңге;
* Ақтөбе облысы – 54 933 теңге;
* Атырау облысы – 41 993 теңге;
* Батыс Қазақстан облысына – 55 365 теңге;
* Жамбыл облысына 70 639 теңге;
* Жетісу облысы – 76 686 теңге;
* Қарағанды облысы – 72 846 теңге;
* Қостанай облысына – 62 951 теңге;
* Қызылорда облысы – 59 179 теңге;
* Маңғыстау облысы – 57 649 теңге;
* Түркістан облысына – 71 122 теңге;
* Ұлытау облысы – 72 846 теңге;
* Шығыс Қазақстан облысы – 13 069 теңге.
ҚР Энергетика министрінің 2025 жылғы 21 мамырдағы No 217-н/қ бұйрығын қараңыз.



