Елімізде сауда және қызмет көрсету нысандарының рекордты саны пайдалануға берілді


Бес айдың қорытындысы бойынша өткен жылға қарағанда биыл екі есе көп нысан пайдалануға берілді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
ҚР СЖРА ҰСБ деректеріне сүйенсек, көрсеткіш соңғы алты жылдағы ең жоғары деңгейге жетті - 344 бірлік.
Негізгі өсімді сауда ғимараттары қамтамасыз етті (245 нысан). Жылдық өсім бұл жерде де екі есе көп. Бұл орайда аталған нысандар арасында жоғары қарқынды өсімді мамандандырылған дүкендер (68 бірлік, жылдан жылға +300%) мен супермаркеттер (45 нысан, +165%) көрсетті.
Сауда нысандары бойынша басқаларының жағдайы төмендегідей:
-автоорталықтар - 10 бірлік, +100%;
-сауда үйлері - 41 бірлік, +95%;
-шағын маркеттер - 113 бірлік, +64%;
-дәріханалар - 4 бірлік, (өзгеріссіз);
-жабық базарлар мен павильондар - 5 бірлік (бір жыл бұрын 0 болған).
Қызмет көрсету ғимараттарының пайдалануға берілуі бір жылда 86%-ға, 67 бірлікке дейін артқан. Бір қызығы, ең тез өскен сегмент моншалар (21 бірлік, жылдан жылға +133%) мен көлік жуу орындары (17 бірлік, +89%) болды.
Сонымен қатар ресми статистика аралас санатты бөліп көрсеткен - сауда және қызмет көрсетудің басқа да нысандары. Бұл санатта 32 нысан пайдалануға беріліп, көрсеткіш 2024 жылдың қаңтар-мамыр айларына қарағанда 129%-ға өскен. Оның ішінде көбісі - сауда ойын-сауық орталықтары: 14 бірлік, +367%.
Айта кетейік, пайдалануға берілген ғимараттар бойынша сандық есеп тек жаңадан салынған нысандарға ғана жүргізіледі. Қайта жөндеуден өткен ғимараттар мұндай статистикаға енгізілмейді.



