00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қазақстанда орташа жалақы 365 мың теңгеден асты

Қазақстанда орташа жалақы 365 мың теңгеден асты
фото: Оңалхан Өнерхан

Ұлттық статистика бюросы бір жылда Қазақстанда жалақы қалай өзгергенін мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.

 

2023 жылғы II тоқсанда елдегі айлық жалақының орташа мәні 2022 жылғы тиісті тоқсанға қарағанда 17,1%-ға өсіп, 365 502 теңгені құрады, – делінген мәліметте.

Экономика салаларында биылғы ІІ тоқсанда бір жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда орташа жалақы ең көп ақпарат және байланыс саласында өскен – 36%. Көлік және қойма саласында – 24,6%, ауыл, орман және балық шаруашылығында – 23,7%, көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу саласында 21,8% көтерілді.

Білім беруде орташа айлық жалақы 10,2% артса, денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсетуде 15,6% құрады.

Алайда нақты мәнде жалақы көлемі былтырғы екінші тоқсанмен салыстырғанда құрылыста – 3,5%, тұру және тамақтану қызметтерін көрсетуде – 2,6%, білім беруде – 4,8%, сондай-ақ денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсетуде 0,1% төмендеді.

Өңірлік бөліністе орташа айлық атаулы жалақының ең жоғарғы өсімі Ұлытау облысында тіркелді – 23,8%. Ең төменгі өсімі Түркістан облысында – 12,2%.

зарплата каз 2.png