00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Шымкентте кеңсе қағазының өндірісі тоқтады

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Шымкентте кеңсе қағазының өндірісі тоқтады

Кәсіпорында жұмысты қалыпқа келтіру үшін мемлекеттің араласуы керек екенін айтты. 

Бұған дейін кәсіпорын А4 форматындағы 3 миллион қаптама мен А3 форматындағы қағаздың 300 мың қаптамасын шығарған. Қазір өндіріс толығымен тоқтап тұр. 

Сондай-ақ елімізде кеңсе қағазының тапшылығы байқалған. Саудагерлер импорттық тауардың жеткізілуі қысқарғандықтан, бағаның бірден өсіп кеткенін айтады. Енді қағаздың бір қаптамасын екі есе бағаға сатып алуға тура келеді. 

Қазақстан өз-өзін шикізатпен қамтамасыз ете алмайды. Орманның негізгі бөлігі Ресей және Финляндияда. Целлюлозды-қағаз комбинаты қазақстандық компаниялар арқылы шикізатты бізге сатады. Жылдық көлемді білу үшін тікелей өзіміз сатып алуымыз керек. Бұлай болған жағдайда сырттан өнім әкелетіндермен бәсекеге түсе алар едік. Егер толық қуатта жұмыс істесек, нарық қажеттілігінің 20%-ын өтейміз, – деді зауат директорының орынбасары Қанат Әлімбаев.