00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Астанада жеңіл атлетикадан өткен халықаралық турнир мәресіне жетті

25 қаңтар, 2025
Қанат Байұзақов Қанат Байұзақов
Астанада жеңіл атлетикадан өткен халықаралық турнир мәресіне жетті
фото: Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі

Астана қаласында екінші мәрте өткен Astana Indoor meet for Amin Tuyakov prizes халықаралық турнирі өз мәресіне жетті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Бәсеке барысында 142 спортшы 13 дисциплина бойынша сынға түсті. Олардың арасында тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Әлем чемпионы Нора Джеруто, жабық кешендегі Әлем чемпионатының қола жүлдегері Надежда Дубовицкая, Елизавета Матвеева сынды 44 отандасымыз қатысты.

Қазақстаннан бөлек, Аустралия, Оман, АҚШ, Ямайка, Жапония, Германия, Тәжікстан, Канада, Чехия, Португалия, Нигерия, Ұлыбритания, Дания, Люксембург, Андорра, Испания, БАӘ, Кения, Аустрия, Өзбекстан, Бразилия, Польша, Мажарстан, Куба, Кувейт, Словакия, Қатар, Финляндия, Пуэрто-рико, Әзербайжан, Хорватия, Гайана, Иран, Барбадос, Эфиопия, Түркия, Румыния, Франция, Бельгия, Швеция, Литвадан да бірқатар танымал спортшылар келді.

Жарыс қорытындысы бойынша, жерлестеріміздің арасынан ең жоғарғы нәтижені биіктікке секіруден 1.88 метрді бағындырып, қола жүлдеге ие болған Елизавета Матвеева көрсетті.

Ерлер

60 м жүгіру

1-орын. Кишан Томпсон (Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері, Ямайка) - 6.56 секунд

60 м кедергілермен жүгіру

1-орын. Дайлан Бирд (АҚШ) - 7.58 секунд

400 м жүгіру

1-орын. Алекс Хайдок-Уилсон (Париж Олимпиадасының 2 мәрте қола жүлдегері, Ұлыбритания)- 46.45 секунд

1 500 м жүгіру

1-орын. Кристиан Хансен (Дания) - 3:39.03

Ұзындыққа секіру

1-орын. Лестер Лескай (Испания) - 7.91 метр

Биіктікке секіру

1-орын. Луис Кастро (Пуэрто-Рико) - 2.15 метр

Әйелдер

Биіктікке секіру

1-орын. Нагиса Такахаши (Жапония) - 1.88 метр

Үш қарғып секіру

1-орын. Нея Филипич (Словакия) - 14.05 метр

60 м жүгіру

1-орын. Тиа Клейтон (20 жасқа дейінгілер арасында 2 дүркін Әлем чемпионы, Ямайка) - 7.18 секунд

60 м кедергілермен жүгіру.

 1-орын. Юми Танака (Жапония) - 8.05 секунд

400 м жүгіру

1-орын. Сада Уильямс (Әлем чемпионатының 2 мәрте қола жүлдегері, Барбадос) - 53.51 секунд

Ядро лақтыру

1-орын. Чейс Джексон (2 дүркін Әлем чемпионы, АҚШ) - 19.13 метр

3 000 метрге жүгіру

1-орын. Марта Алемайо (20 жасқа дейінгілер арасында 2 дүркін Әлем чемпионы, Эфиопия) - 8:39.80

«Париж Олимпиадасынан кейінгі ресми алғашқы жарысым. Жарақатыма байланысты көп дайындала алмадым. Дәрігерлердің рұқсат беруінің өзі мен үшін үлкен сый болды. Ешқандай санға мән бермей, сайыс атмосферасын сезінуге келдім. Енді тек сәуір айының соңында басталатын жазғы маусымға сай болуға тырысамын», - деді биіктікке секірудегі жұлдызымыз Надежда Дубовицкая.