00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Қазақстанға қандай елдер АЭС салуы мүмкін

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстанға қандай елдер АЭС салуы мүмкін

Оның айтуынша, 4 әлеуетті жеткізуші бар. Олар: ресейлік «РосАтом», кореялық «KHNP» және франциялық «IDF», қытайлық «CNNC».

Қазақстанның  келешегіне арналған  жобалар ретінде қаралуда. Өйткені қуаты бойынша бұл реакторлардың біздің энергетикалық жүйемізге жақсы кіріге алады. Қазір энергетика балансындағы атом стансасының үлесі туралы болжам бар. Біз әлеуетті жеткізушілерден генераторлардың техникалық деректерін сұраттық. Осы техникалық деректер бойынша түрлі модельдер сызбаға түседі. Олар біздегі жүйеге қалай кіріге алады, жүйе қаншалықты орнықты болады, энергия қалай таратылады деген мәселелерді қараймыз. Алғашқы стансаның келешегі туралы айтсақ, 4 әлеуетті жеткізуші бар, - деді Тимур Жәнтікин.

Сондай-ақ брифингте Энергетика министрі өз баяндамасында Қазақстанның атом энергетикасын дамыту үшін жеткілікті әлеуетке ие екенін мәлім етті.

Біз өндірілетін табиғи уран көлемі бойынша әлемде бірінші орын аламыз. Бізде ядролық отын компоненттерін өндіру бар, сондай-ақ біздің елде уранды изотопты байыту бойынша қызметтерге қол жетімділік бар. Өткен жылы Үлбі металлургия зауытының базасында Қытайдың атом электр станциялары үшін дайын ядролық отын шығаратын зауыт ашылды. Ядролық отынның белсенді өндірісі басталды. Энергетика министрлігі АЭС салу мәселесін әлемдік тәжірибемен расталатын неғұрлым перспективті бағыттардың бірі ретінде қарастыруда, -деп атап өтті Болат Ақшолақов.