00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Жаңа жылда алпыстан астам адам пиротехникадан зардап шекті

Жаңа жылда алпыстан астам адам пиротехникадан зардап шекті
фото: freepik.com

Денсаулық сақтау министрлігі елімізде Жаңа жыл мерекесі кезінде пиротехникалық заттардан 63 адам зардап шеккенін мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Министрлік мәліметінше, зардап шеккендердің 12-сі, оның ішінде 5 бала стационарлық емдеуге жатқызылды. Қалған 51 пациент, оның ішінде 15 бала амбулаториялық ем қабылдауда.

Зардап шеккендердің ең көбі Алматы қаласында, 19 адам тіркелген. 

- Жамбыл облысында – 11 адам,  

- Қарағанды, Маңғыстау, Қостанай облыстарында және Шымкент қаласында – 6 адам,  

- Ақтөбе облысында – 2 адам,  

- Ақмола, Қызылорда, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Алматы және Абай облыстарында – 1 адамнан жарақат алды.  

«Барлық зардап шеккендерге «көздің жарақаттары, мөлдір қабығының күйіктері, қолдың күйіктері мен жарақаттары» диагнозы қойылған. Бір науқас ішперде қабырғасының жарақатын алып, қазір стационарда орташа ауыр жағдайда ем қабылдауда.  Барлық зардап шеккендерге қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетіледі»,- деп жазылған хабарламада.