00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Аптапта ыстық шай ішкен дұрыс па?

5 маусым, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Аптапта ыстық шай ішкен дұрыс па?
коллаж Elorda.info

Ыстық шаймен күннің салқынында жылынамыз, бірақ оны жазда да ішу пайдалы деп хабарлады Elorda.info.

Ол салқындауға көмектеседі

Шай ішкен кезде тер бөліну жылдамдығы қатты өсіп кетеді, бұл көпшілікке ұнамайды. Бірақ тер маңызды қызметті атқарады. Тер теріде буға айналып, дененің салқындауына ықпал етеді.

 

Метаболизмнің жақсаруына ықпал етеді

Тамақ ішу кезінде ыстық шай ішу дәрумендердің сіңуіне көмектеседі және ағзада артық су жиналуымен күреседі.

 

Жұқпалармен күреседі

Ыстық шай біздің иммунды жүйені жақсарта алады. Қазір қайтадан коронавирустың тарап жатқанын естіп жүрміз. Сондықтан иммунитетті тек қыста емес, жазда да қатайтқан жөн.


Арықтауға көмектеседі

Шайда флавоноидтар бар. Бұлар ағзаға майды жылдам және жақсы ыдыратуға көмектесетін өсімдік пигменттері.


Шай ағзаға пайдалы болу үшін оны түрлі десерттермен бірге ішпеңіз. Сондай-ақ оны сүтсіз және қантсыз дайындаңыз. Олардың орнына оған жеміс-жидектер, лимон, жалбыз, зімбір қосыңыз.