00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Дәрі-дәрмектің қолжетімділігін арттыру мақсатында ЮНИСЕФ-пен келісім жасалды

Дәрі-дәрмектің қолжетімділігін арттыру мақсатында ЮНИСЕФ-пен келісім жасалды
фото: ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

Қазақстандық пациенттер үшін өмірлік маңызды препараттар мен антиретровирустық вакциналарды сатып алу тізбесі мен көлемі ұлғайтылатын болады, деп хабарлады Elordainfo.kz ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Бүгін бұл туралы ЮНИСЕФ-тің Копенгаген қаласындағы (Дания) сатып алу орталығына бару барысында уағдаластыққа қол жеткізілді, онда  Қазақстанның Денсаулық сақтау министрінің қатысуымен ДДҰ Еуропалық өңірлік комитетінің 74-ші сессиясы жұмысын бастайды.

Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету шеңберінде ЮНИСЕФ-ті қоса алғанда, халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл спектрін кеңейту жоспарлануда.

Сапардың барысында ЮНИСЕФ-тің қолдауымен Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері сатып алынатын дәрілік препараттардың тізбесін кеңейту мен халыққа қолжетімділігі жөніндегі нақты шараларды талқылады.

Бұл әріптестік препараттарды оңтайлы мерзімде жеткізуді қамтамасыз етуге, бюджет қаражатын үнемдеуге және пациенттерді қажетті дәрі-дәрмектермен қамтуды ұлғайтуға қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Халықаралық ұйыммен өткен жылғы жұмыс тәжірибесі көрсеткендей, 7 позиция бойынша дәрі-дәрмек сатып алу нәтижесінде шамамен 1,67 млрд. теңге үнемделді.

2025 жылға арналған дәрі-дәрмектерді сатып алу науқанының нәтижелері бойынша ДЗ тізбесін кеңейтумен қатар қаржы қаражатын үнемдеу де күтілуде.

Одан әрі ынтымақтастықты дамыту шеңберінде Денсаулық сақтау министрлігі жоспарлау, жабдықтау, жеткізу және бөлу процестерінің тиімділігін арттыруға баса назар аудара отырып, дәрілік қамтамасыз ету мәселелері бойынша ЮНИСЕФ-пен қолданыстағы меморандумды өзектендіретін болады.

Дәрілік заттарды сатып алу жөніндегі ЮНИСЕФ бағдарламасы препараттардың халықаралық сапа, қауіпсіздік және тиімділік стандарттарына сәйкестігін қамтамасыз етеді.