Қытайдың Қазақстанға жақын өңірлерінде COVID-19 өршіп тұр
Қытайдың Қазақстанға жақын аймақтарында коронавирус өрши түсті. Бұл туралы ҚХР Мемлекеттік гигиена және денсаулық сақтау комитеті мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, өткен тәулікте дәрігерлер 9 мыңнан астам жаңа жағдайды тіркеген. Бұл бір апта бұрынғы көрсеткіштен 2,6 есе көп. Инфекция жұқтырған 61,5 мың адам медициналық бақылауда, олардың 85%-ында сиптомдар байқалмаған. 27 мамырдан бастап елде Covid-19-дан өлім-жітім тіркелген жоқ.
Науқастардың 97%-дан астамы инфекцияны ел ішінде жұқтырған. Қалған 3%-ы сырттан әкелінген жағдайлар.
Соңғы аптада Қытайдың барлық аймақтарында инфекциялардың жаңа фактілері анықталды.
Жұқтырғандардың ең көп саны Гуандун провинциясында тіркелген. Екінші және үшінші орынды Ішкі Моңғолия мен Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы иеленді.
ҚХР үкіметі жақын арада Covid-19-ға байланысты шектеулерді алып тастамайтынын хабарлады. Сонымен қатар, билік тым қатаң шаралар экономикаға зиян келтірмеу үшін инфекциямен күресудің икемді стратегиясын жүзеге асыра бастады.