Елімізде бір тәулікте 17 адамнан коронавирус анықталды
31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат
24 қазан күнгі бір тәулікте ел өңірлерінде коронавирус 17 адамнан анықталды, деп хабарлады Elorda.info Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
25 қазандағы мәлімет бойынша, коронавирустан 910 адам емделіп жатыр, оның ішінде коронавирус инфекциясынан 749 (КВИ+), коронавирус пневмониясынан 161 (КВИ-) адам ем қабылдауда.
97 пациент стационарда жатса, 813 науқас амбулаториялық деңгейде ем алуда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 2 адамның жағдайы ауыр,
- 4 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 2 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.
Министрлік дерегіне сәйкес, коронавирусқа қарсы вакцинаның I компонентін 10 841 936 адам, II компонентін 10 602 870 адам салдырды. Ревакцинациядан өтті – 5 599 079 азамат.
Ұқсас жаңалықтар
22 қараша, 2024
Елорда емханаларында Face ID көмегімен пациенттерді қабылдау жүргізіліп жатыр
21 қараша, 2024
Сіз дұрыс тамақтанып жүрсіз бе
20 қараша, 2024
Риддердегі аурухана құрылысын аяқтауға 28 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді
13 қараша, 2024
Енді Алматыда балалардың күрделі көз аурулары лазердің көмегімен емделетін болады